Мүбәрак ауруханаға сынған қабарғасының зардабы өкпесіне әсер еткен соң жеткізілді, деп хабарлады бұрынғы президенттің қорғаушысы Мохамед Абдель Разек. Оның айтуынша, Мүбәрак өткен аптада құлап қалған.
Хосни Мүбәрак 2011 жылдың ақпанында болған жаппай акциялардан кейін отставкаға кетіп, кейіннен шерушілердің қаза табуына қатыстылығы үшін өмір бойы түрмеге қамалу жазасына кесілген болатын.