Қайғылы оқиға салдарын зерттеумен айналысқан Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары осындай қорытындыға келіп отыр. Журналистерге МАК төрайымы Татьяна Анодина мен Техникалық комиссияның басшысы Алексей Морозов ведомствоның қорытынды баяндамасын жасады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
"Әуе апатының тiкелей себебі қолайсыз ауа райы кезінде экипаждың қосалқы аэродромға кету туралы дер кезiнде шешiм қабылдамауы болып табылады, - деп хабарлады Анодина. - Ұшақ жер бетiндегi бағдарлар көрiнбейтiндей жағдайда төмендеген. Ол апатқа алып келген".