Reuters-ке сілтеме жасап РБК хабарлағандай, Ливия көтерiлiсшiлерінің әскери кеңесiндегi дереккөз автокөліктер шеруінде Каддафи ұлдарымен, сондай-ақ Ливия көшбасшысының айналасындағы жақындары бар деген болжам жасайды.
«Осы шеруде жоғары лауазымды шенеуніктер және Каддафидің өзі ұлдарымен бірге Ливияны тастап кетуі мүмкін, олай деуге негіз бар», - деп мәлімдеді дереккөз.
Алжир билігі әзірге бұл туралы ешқандай түсініктеме берген жоқ.