Бұл туралы бүгін «Әл-Жазира» телеарнасына сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, қашуды Муаммар Каддафидің жақтастары ұйымдастырған. Олар Мохаммад қамақта отырған үйге шабуыл жасап, оны босатып алған.
22 тамыз, дүйсенбіге қараған түні көтерілісшілер Мохаммад Каддафидің үйін қоршауға алған. Сол кезде Ливия көсемінің баласы «Әл-Жазира» телеарнасы арқылы эфирге шығып, наразылық білдірушілер оның үйін атқылай бастағанын, тіпті, терезесінің алдында да мылтық кезенген адамдар тұрғанын мәлімдеген. Осыдан кейін көп кешікпей оның үйқамаққа алынғаны белгілі болды.
Каддафи билік құрған кезде оның үлкен ұлы Мохаммадтың саясатпен айналыспағаны анықталуда. Ол Муаммар Каддафиден ажырасқан анасымен бірге тұрған.