Каддафидің ұлы бостандыққа шықты
Бұл туралы Зинтандағы "Абу Бакр ас-Сиддик" қарулы тобының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды РИА Новости.
Құжатта атап көрсетілгендей, Каддафидің ұлы «ливиялық парламент жариялаған рақымшылыққа» сәйкес босатылған.
«Біз Сейф аль Ислама Муаммар Каддафи мырзаны босату туралы шешім қабылдадық. Ол толықтай босатылды. Біз оның 9 маусымда Зинтанды тастап шыққанын растаймыз»,-деп атап өтілген мәлімдемеде.
Джамахирия көшбасшысының туысы Ахмед Мухареб аль-Каддафи де мұны растайды. Оның айтуынша, «қазіргі уақытта Зинтанды тастап шықты және қауіпсіз жерде».
2011 жылы Муамар Каддафидің режімі құлағаннан кейін көтерілісшілер оның және туған-туыстарының ізіне түскен еді. Олар Каддафиді, ұлы Муатасеманы өлтірді. Оның тағы бір ұлы Хамис Триполи қаласын бомбылау барысында қаза тапты.
Сейф аль-Ислам ливиялық түрмеге қамалып, 2015 жылдың шілдесінде өлім жазасына кесілген болатын.