"Саади Каддафи Нигерияға 11 қыркүйекте келді. Нигерия әділет министрі Мару Амадудың (Marou Amadou) сөзіне қарағанда, Каддафидің ұлы елге гуманитарлық негіз бойынша кіргізілген. Амаду атап өткендей, Саади Каддафи Нигерия астанасы Ниамейге жіберілген", - деп хабарлайды Лента.ру.
Саади Каддафи Ливияның арнайы күшін және әскердің таңдаулы бөлімшесін басқарды. Саади өзінің ағасы Сейф-аль Исламмен бірге әкесінің жамахирия көсемі ретіндегі орнын басатын ізбасарларының бірі ретінде есептелді.
Полковник Каддафидің қайда жүргені әлі күнге дейін белгісіз. Ол елді тастап кетпейтінін бірнеше рет мәлімдеді.