Кадет корпусы түлектерінің 19-ы үздік диплом иегері атанды - ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусында кәсіпқой-сержанттардың 16-шы бітіру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Дәстүрлі Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы оқу үздігі Нұрлан Камаловқа ұсынылды.

Бітірушілерге төсбелгілері мен оқу орнын бітіргендері туралы дипломдар табыс етілді. 19 кәсіпқой сержант- командирлердің болашақ көмекшілері үздік диплом иегері атанды.

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылғы шілде айында құрылған. Бұл оқу орнында кәсіпқой сержант-командирлердің болашақ көмекшілері білім алады.

Қадет корпусын бітірушілер ҚР Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде табысты қызмет атқарып келеді.