Биылғы жылы ҚР ҚМ Кадет корпусын ең көп түлек, яғни 214 адам бітірді. Оқу орны ашылғаннан бері онда 2 224 сержант «Әскери басқару» мамандығы бойынша оқып шықты. Оның ішінде 2012 жылы - 206 адам, 2013 жылы - 176 және 2014 жылы 181 сержант бітірді. Айта кетейік, Кадет корпусына 17-21 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ жасы 23-тен аспаған келісімшарт негізінде және мерзімді әскери қызмет өтеген сарбаздар оқуға қабылданады. Жалпы оқу бағдарламасы 1 жыл 10 айға есептелген. Бірінші курста кадеттер әскери қызметтің негіздерін үйреніп, әскери ант қабылдайды және 10 жылға келісімшартқа қол қояды. Екінші курстан бастап жауынгерлік тағлымдамадан өтеді. Олар ҚР ҚК әскери бөлімдеріне барып, теориялық білімдерін іс жүзінде сынайды. Оқуды бітірісімен кадеттер «Әскери басқару» мамандығы бойынша «Әскери басқарудың кіші маманы (менеджер)» біліктілігі берілгені туралы диплом алады. Сонымен қатар, «Механика - 3-сыныпты БМП жүргізушісі» және «В», «С» категориялы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі.
17:57, 19 Маусым 2015
Кадет корпусының биылғы түлектері саны жағынан басым - ҚР ҚМ (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш. Уалиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша ҚР ҚК сержанттық лауазымында қызмет атқаратын кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асырады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.