Кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Бағдат Үсенов алтын медальді жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Делиде (Үндістан) өткен кадеттер арасындағы күрес түрі бойынша Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық «алтын» иеленді, деп хабарлады Kazakhstan Wrestling Online-ға сілтеме жасап Sports.kz.

76 келіге дейінгі салмақ санатында грек-рим күресі бойынша қазақстандық спортшы Бағдат Үсенов кадеттер арасындағы Азия чемпионы атанды.