Бұл туралы «KADEX-2012» қару-жарақ және әскери техниканың II Халықаралық көрмесіне орай Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс вице-министрі Талғат Жанжүменов мәлім етті.
Оның айтуынша, қару-жарақ пен әскери техниканың «KADEX» атты халықаралық көрмесі басталғалы бері Қорғаныс министрлігінің өкілетті органы - «Қазспецэкспорт» кәсіпорны шетелдік компаниялармен 1,5 млрд. теңгеге 20-ға жуық келісімшарт жасасты. «Осының арқасында бүгінде ел аумағында бірнеше бірлескен кәсіпорын ашылып, жұмыс істеп жатыр. Олардың ішінде электронды-оптикалық құралдар өндіретін «Қазақстан Aselsan Инжиниринг», «ЕС-145» тікұшақтарын шығаратын «Eurocopter Қазақстан Инжиниринг» француз-неміс компаниясы, радиостансаларды өндіретін француздың «Tales Инжиниринг» және испандық «Indra Қазақстан» кәсіпорындары бар», - дейді Т.Жанжүменов.