«KADEX»-те жараланғандарды таситын брондалған медициналық эвакуатор таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» «KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде Жеңіл брондалған көпбағытты тартқыштың базасындағы брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуаторды (БМТЭ) көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жаңғыртылған шынжыр табанды техниканы шараның ашық алаңында көруге болады.

Жеңіл брондалған көпбағытты тартқыштың базасындағы БМТЭ - ошақтардан зақымданған жаппай санитарлық шығындарды, жарақат алғандарды шайқас алаңынан алып шығуға, іздестіруге, бірінші шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған.

Брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуатор тепловизор құрылғысымен, жараланғандарды іздестіруге арналған прожектормен, медициналық жабдықтармен жарақталған.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ өрт сөндіру автоцистерналарын күрделі жөндеу мен жаңғыртуға, әскери техниканы жаңғыртуға және өндіруге, автокөлік және шынжыр табанды техниканың күрделі жөндеуіне маманданған.