Соңғы деректерге сүйенсек, кептеліс салдарынан 80 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі әйелдер, кейбірінің дене мүшелері сынып, ал кейбірі жеңіл жарақат алды. Есінен танғандары да бар. Morocco World News атап өткендей, зардап шеккендердің ішінде жеті айлық жүкті әйел де бар. Қазір олар дәрігердің қарауында.
Оқиға мешітте құлшылық етушілердің бірінің тізесіне тышқан секіріп шыққаннан кейін орын алған. Қатты шошынған әйел айғайлаған күйі есікке қарай жүгірген, осыдан соң адамдар бір-бірін мыжып-жаншып есікке ұмтылған.