Үкімет отырысында мемлекет басшысы қол қойған жарлықтарға сәйкес, сотталған 586 Түркіменстан азаматы және 26 шет мемлекет азаматтары негізгі жазасын өтеуден, белгілі бір аумақта тұру міндеті түріндегі қосымша жазаны өтеуден босатылады.
Құжаттарға қол қойған Президент лауазымды тұлғаларға Қадір түнін отбасымен бірге күту үшін рақымшылық етілген азаматтарды тезірек босатуды және жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектесуді табыстады.
Рақымшылық ету науқаны Түркіменстанда жиі болып тұрады. Жылына 3-4 рет ұлттық мейрам кездері қылмыскерлерге кешірім беріледі. Шетелде сөз сөйлеу кезінде Қ.Бердімұхамедов «Түркіменстан түрмелеріндегі жаза өтеушілер саны он мыңнан аспайды» деген болатын.
фото: https://ria.ru/