Бұл педагогтер құзыреттіліктерін бағалау үшін тестілеуден өтті.
Екінші кезеңде — үш деңгейлі оқыту, үшінші кезеңде — елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, төртінші кезеңде — қорытынды бағалау және қорытынды кезеңде — министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесу болды.
Республикалық кадр резервіне енгізілген кандидаттарды орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының бос лауазымдарына тағайындау мәселесі қаралуда.
Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының басшылары болып үш үміткер тағайындалды.
№ 14 мектеп-гимназия директоры лауазымына Хайлитдинова Ғалия Рахматуллақызы, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің директоры лауазымына Бейсенбина Айгүл Базарбайқызы, № 62 мектеп-лицейіне Қайрат Мұқашев тағайындалды.
Кадр резерві үміткерлері білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық рәсімнен өтпей-ақ бірінші басшының бос орнына тағайындалады.
Жаңа буын менеджерлері алдағы уақытта кезең-кезеңімен мектептерге және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошақтарын кадрлық жағынан қамтамасыз ету мәселесін шешуге жәрдемдеседі.