«Еңбек ресурстарының мобильдігіне тоқталатын болсақ, экономика құрылымы бойынша бізге ұқсас елдерді салыстырып көріңіздер. Олар дамудың мүлдем басқа деңгейінде тұр. Мысалы, Австралия мен Канаданың тәжірибесі үздік. Біз олардың деңгейіне ұмтылуымыз керек. Оларда да белгілі бір проблемалар бар, яғни мұнай бағасының құлдырауы секілді мәселені еңсеруде. Алайда, бұл елдерде еңбек ресурстары жақсы дайындықтан өткен. Егер де бір секторда кәсіпорын жабылса, онда жұмысшылар өздерінің дайындық біліктілігіне қарай басқа өндірістерге ауысуға мүмкіндігі бар», - деді Үкімет басшысы.
Осы ретте К. Мәсімов адамдарды даярлауды және қайта даярлықтан өткізу бағыттарын тиімдірек ету тұрғысында жұмыс істеу керектігін атап өтті.
«Президенттің тапсырмасы бойынша Үкіметте жұмыс тобы қызмет етуде және жақын арада біз тиісті ұсыныстармен шығамыз», - деді Премьер-Министр.