«Біз кадрларды кімге және не үшін дайындайтындығымызды білуіміз қажет. Ол кадрлар еңбек нарығында талап етілген болуы тиіс. Ең бастысы ертең оларды жұмыс істейтіндігін көрсетуіміз керек. Сондықтан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы жұмысқа орналасуды енгіздік», - деді вице-премьер.
Осы ретте ол кадрларды дайындау жұмысын кәсіпорындармен бірлесе отырып қолға алу керектігіне назар аударды.
«Кәсіпорындардан бастау қажет. Кәсіпорындар шындығына келгенде енді 10 жылдан кейін қандай мамандар қажет екендігін, кімді дайындау керектігін біледі. Соған сай мамандарға біздің оқу орындарына тапсырыс берілуі тиіс. Сол кезде бізге қажетті дағдысы, құзіреті, кәсібилігі бар мамандар болады», - деді Б.Сапарбаев.