АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Қажылық кезінде Қағбаны тауап етушілердің саны артып, көп адам Харам мешітінің ауласына сыймай жатады. Осыны ескерген Сауд Арабиясының билігі тауап үшін екінші қабат ретінде шеңбер тәрізді жол салып жатыр. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлады.
Қазіргі уақытта құрылыс орта беліне келіп қалды. Осы жылғы қажылықта қажылар Қағбаны тәу еткенде осы қабатты пайдаланатын болады.
Қабаттың диаметрі - 94 метр, ал ені - 12 м. Қабаттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрге жетеді. Құрылымның жалпы салмағы 2 тоннаны құрайды. Биіктігі - 2,7 м. Оның шығар есігі де бөлек болады.
Сәулетшілердің жобасы бойынша бұл құрылғы әл-Харамның ішкі ауласына түсетін күшті едәуір азайтады әрі қажылық кезіндегі жазатайым оқиғалардың азаюына септігін тигізеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.