Беларусь және Болгариядан келген екі қарсыласын жеңген Қаһарман жартылай финалда грузиялық Рамаз Зоидзеден ұтылды. Үшінші орын үшін таласта палуанымыз ресейлік Нарек Оганянды 5:0 есебімен сүріндіріп, турнирдің қола жүлдесін олжалады.
11:45, 15 Қараша 2018
Қаһарман Қысметов грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бухарест қаласында күрестен өтіп жатқан U-23 чемпионатында жастар арасында Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Қаһарман Қысметов 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды sports.kz.