Египеттегі ҚР елшілігінің қызметкерлері отандастармен байланыс орнатуға, елден кетушілердің тізімін жасау, арнайы рейстердің келуін және кетуін үйлестіруге, құжаттық бақылаудан өткізу және бортқа отырғызуда елеулі жұмыс атқарды.
Елшіліктің барлық дипломатиялық құрамы мен бірқатар техникалық құрам (барлығы 12 адам) Каирдегі өз жұмыс орындарында отыр және өзінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастыруда. Атап айтар болсақ, қандай да бір себептермен Египетте қалып отырған азаматтарға қолдау көрсетуге қатысты жұмыстарды атқаруда. Қажет болғанда, қазақстандық тарап тиісті көмек сұрап достас мемлекеттерге жүгінеді.
Египеттегі қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР СІМ жағдайды тұрақтандырғанша осы елге келмеу туралы қазақстандықтарға арналған ұсынымын 14 ақпанға дейін ұзартып отыр.