Каир орталығында саудагерлер төбелесіп, 12 адам ажал құшты

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Каирдың аль-Моски ауданында көше саудагерлері жаға жыртысып, кемінде 12 адам мерт болды.

Бұл туралы РБК хабарлайды. Жаппай төбелес аумаққа таласудан шыққан.

Оған қатысқандардың бірнешеуі сөрелердің бірінде жасырынуға әрекеттеген, ал қарсыластары ғимаратты толығымен өртеп жіберді. Салдарынан жаппай адам өлімі орын алды.