Каир орталығында жаппай тәртіпсіздіктер орын алуда

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Мысыр полициясы Тахрир алаңында жаппай тәртіпсіздік орнатқан шерушілерге көзжасауратқыш газ қолданды. Құқық қорғау органдарының бұл әрекеттері нәтижесінде бір адам қатты иіс тиіп уланып, көз жұмды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлап отыр.

Сондай-ақ Тахрирде шерушілер арнайы жасақпен қақтығысты. Соның салдарынан жүздеген адам жарақаттанды.

Жаппай тәртіпсіздіктер елдің басқа да қалаларында жалғасуда.