11:20, 01 Сәуір 2009
Каирде Қазақстан мен Мысырдың туризм саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
КАИР. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның Каирдегі Елшісі Бахтияр Тасымов наурыздың 29-ында Мысыр Араб Республикасының Туризм министрі Зухейр Гаранамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мысырдың арасында туристік алмасуды арттырудың нақты жолдары мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ келіп-кету визаларын беру жөніндегі консулдық амалдарды жеңілдету және екі елдің жекеменшік туристік компанияларының арасында тікелей байланыс орнату мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Мысырдағы Елшілігіне сілтеме жасап. Мысырлық министр Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді. З.Гарана мырза сонымен бірге, Мысыр тарапының Қазақстанның қарқынды өсіп отырған экономикалық және туристік әлеуетін ескере отырып, туризм саласыныдағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты ынталандыруға және дамытуға әзір екенін білдірді.