Синоптиктер температура рекордын тіркеді. Күндіз Мысыр астанасында 7°С болған, бұл соңғы 122 жылдағы ең төменгі температура. Салқын тигеннен Каирде бір адам қаза тапты.
Сол уақытта Александрияда қолайсыз ауа райына байланысты төтенше оқиға жарияланды. Жел ағаштарды құлатып, құйып жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласты. Теңіз порттары және Шарм-эль-Шейхке қатынайтын жолдар жабылды, деп хабарлайды Utro.ru.