деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Биыл Каир кинофестивалінің құрметті қонағы - Үндістан. кинокөрсетілім бағдарламасын ашу құрметіне үнділік режиссер Кабир Кханның «Нью-Йорк» картинасы ие болды. Фестиваль аясында тағы 20 жаңа үнді фильмі көрсетіледі.
Каир фестиваліне биылғы «Оскардан» үміткер сегіз фильм қатысады. Фестивальдің гран-при жүлдесі үшін барлығы 16 фильм таласады, оның ішінде ресейлік режиссер Вера Глаголеваның «Бір соғыс» картинасы бар.