Каирде полицейлермен болған қақтығыста 22 футбол жанкүйері ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирдің шығысында полицейлермен болған қақтығыста 22 футбол жанкүйері ажал құшты, деп хабарлады Мысырдың бас прокурорының баспасөз қызметінен.

Бұл туралы РИА «Новости» жазды.

Қақтығыс жексенбі күні кешкі уақытта ел астанасының Тагамму Хамис ауданындағы "ПВО" стадионында мысырлық "Замалек" пен "Инби" футбол клубтарының кездесуіне аз уақыт қалғанда болған. Қаза тапқандардың барлығы "Замалектың" жанкүйері болған. Полиция көзді жасаурататын газ қолданған.

Мысыр ІІМ басшысының қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Абдельфаттах Усман осыған дейін тоғыз адам қаза тапқанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, билеті жоқ жанкүйерлер стадионға кірмек болған. Мысыр ІІМ бұл полицейлердің жанкүйерлерді стадионға кіргізбес үшін осындай шаралар қолдануға мәжбүрлегенін айтты.

Салдарынан ойын шамамен 40 минутқа кеш басталды.