Каирде Рамзес II мүсінін қазып алды
11:15, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр астанасында ІІ Рамзес фараонының ежелгі мүсінінің сынығын жер бетіне шығарды. Мүсіннің жасы үш мың жылдан асады, деп хабарлады "ТВ Центр".
Реставраторлар оны бастапқы қалпына келтірген соң, келесі жылы Ұлы пирамида ауданында ашылатын Үлкен Мысыр мұражайына қойылатын болады.
Кварциттен қашалған сегіз метрлік мүсін құрылыс жұмыстары кезінде табылған.