Каирден 100 шақырым жерде әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каирден 100 шақырым жерде әскери ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Ажал құшқандар арасында 2 ұшқыш бар. Тағы біреуі жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әуе көлігі базадан ұшып шыққан бетте құлаған.

Алдын ала мәліметтерге сай, апатқа ұшақ қозғалтқышындағы ақау себеп болса керек. Тергеу амалдары басталды.