Каирдің бірнеше ауданында бомба жарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр астанасы Каир маңындағы тұрғын үйдің қасында бомба жарылып, бульдозермен келе жатқан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ, бүгін таңертең қала метросында бір мезетте 4 бомба жарылды. Жарылыстардан 3 адам зардап шекті.

Үш метро желісінің 2-еуі істен шығып, қозғалыс тоқтап, біраз уақыттан кейін ғана жанданды. Мамандар қолдан жасалған бомбалар қоқыс жәшіктеріне тасталғанын және қол сөмкеге салынғанын анықтады.

Бұдан басқа Каирдегі Гелиополис ауданында тағы 2 жарылғыш құрылғы іске қосылып, 2 адам жарақат алды. Тағы бір жарылғыш зат залалсыздандырылды.