Көне мұралар департаментінің басшысы Махмуд Афифидің сөзінше, мысырлық археологиялық миссия ел астанасынан оңтүстікке қарай 40 км қашықтықта жүргізіп жатқан қазба жұмыстары кезінде болжам бойынша перғауындардың XIII әулетінің билігі кезінде салынған пирамидаға тап болған, деп жазады ТАСС.
Мамандар табылған ғимараттың жақсы сақталғанын айтып отыр. Қазіргі сәтте оның кіреберісі құмнан аршылды. Пирамиданың қалған бөлігін аршу жұмыстары жалғасып жатыр.