Бұл туралы Мысыр телеарнасынан денсаулық министрі Ахмед Самех Фарид мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Оның айтуынша, тағы да 639 адам зардап шеккен. Сондай-ақ министр ауруханаға жеткізілгендердің ішінде немесе дәрігерлердің бригадасына көмекке жүгінгендер арасында оқ тиіп, жараланғандар жоқ екендігін атап көрсетті
Қайтыс болғандардың біреуі Тахрира ауданында Хосни Мубарактың жақтастары шабуыл жасаған кезде көпірден құлаған, қалғандары өмірлік маңызды мүшелеріне (басына, кеудесіне, ішіне) ауыр жарақат алғаннан көз жұмған.