Какао бұршағының әлемдік бағасы 10 пайызға өсуі мүмкін

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Котд-Ивуар какао экспортына тыйым салғаннан кейін олардың бағасы өсіп кетуі әбден мүмкін,

деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Басылымның мәліметтері бойынша, какаоға наурыз фьючерстері Нью-Йоркте бірден 6 пайыздан астам қымбаттап, рекордтық көрсеткіш - тоннасына $3,384 долларға жетті. Какао бұршақтарына бағаның өсуі өз кезегінде шоколадтың барынша қымбаттауына алып келді. Сарапшылардың болжамы бойынша, ол 14 пайызға дейін жетуі мүмкін.