Өрт бүгін таңертең тез жанатын заттар сақталған жертөледен шыққан. Өрт сөндіру қызметкерлері жалынды тек 5 сағат өткеннен кейін ғана тоқтатқан. Дегенмен 50 адамды қауіпсіз аймаққа көшірген. Аурухананың ғимараты түтінге оранған. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазірдің өзінде 25 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылып отыр.
14:04, 09 Желтоқсан 2011
Калькутта қаласында ауруханада болған өрттің салдарынан 40 адам қаза тапты
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Калькутта қаласында адам жеке ауруханада болған өрттің салдарынан 40 адам қаза тапты. Олар түтінге тұншыққан. Бұл туралы Шығыс Бенгалия штатының бас министрі Мамата Банерджи хабарлады, деп хабарлады «Азаттық» радиосы.