Кальян шегуге тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде 1 айдың ішінде кальян ұсынатын дәмханалар жабылады. 1 ақпаннан бастап мұндай мекемелерге регламент белгілейтін жаңа ереже енгізілді.

Алдымен, осы бір айдың ішінде мектеп, мешіт және аурухана маңындағы кальян дәмханалары жабылады, деп жазады Vesti.ru. Қалғандары жарты жылда жұмысын тоқтатуы немесе қызмет көрсету бағытын ауыстырулары тиіс. Ал жағалаудағы және өндірістік аудандардағы дәмханаларға бұл үшін 1 жылдай уақыт берілді.

Атап өтейік, Әбу-Дабидің өзінде ғана 500 арнайы кальян дәмханасы бар екен.