Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен жиында Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Барменқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Комитет төрағасы атап көрсеткендей, жаңа заңның осы тармағын қабылдау арқылы елімізде қала аралық жолаушылар тасымалдау қызметіндегі кәсіби мамандардың іріктелуін қамтамасыз етіп, жолаушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейтуге болады. «Сондықтан біз бүгінгі жиынға келген Парламент депутаттарын осы бастамаға қолдау көрсетуге шақырамыз», - деді Ә.Барменқұлов.