Өңір басшысы коммуналдық қызмет пен қар тазалайтын ПИК жұмысын тексерді. Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, коммуналшылар бүгін қаланың орталық көшелерін - Кутузов, Торайғыров, Лермонтов, Академик Шокин және т.б.көшелерді тазалауды аяқтауда.
«7-ші және 8-ші қаңтар аралығында өтетін сенбілік кезінде қосымша техникалар: тиегіштер, жүк көліктері мен бульдозерлер іске қосылады», - деп мәлімдеді қала әкімі.
Сондай-ақ, Болат Бақауов пәтераралық аумақта өтпе жолды қамтамасыз етуді талап етті.