Қала басшысы ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілерімен кездесті

None
ОРАЛ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілерін қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала басшысы Елбасы саясаты арқасында елде тыныштық пен келісім орнап отырғанын, мұнда ұлттық-мәдени орталықтардың да үлесі бар екенін атап өтіп, бірлестіктер өкілдеріне мерекелік сыйлықтар табыс етті. Кездесуге қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталий Свинцицкий әлем халықтары арасында көп ұлт өкілдері тұратын Қазақстанның беделі жоғары екенін айтып, ортақ мақсат жолында ынтымақ пен бірлікті нығайтуға атсалысып жүрген ассамблея мүшелері мен ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілеріне ризашылығын білдірді.