«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Проза жанрына арналған байқау жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

Әдеби байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады.

Өтінім 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында qoljazba.bookfund.kz⁠ сайты арқылы қабылданады.

Жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Айта кетелік Астанада «Үздік педагог-2026» байқауына құжат қабылдау басталатыны туралы жазған едік