«Астанателеком» ҚТО астаналықтар арасында бағалы сыйларды ұтысқа салудың дәстүрін жалғастырады. Ағымдағы жылда «Үш есе тиімді» iD Net/Megaline iD Phone iD TV немесе «Екі есе тиімді» iD Net/Megaline iD TV, iD Net/Megaline iD Phone қызметтер пакетіне жаз айларында қосылған жеке тұлғалар- барлық абоненттер «Қала күні» акция шеңберінде бағалы сыйларды ұтысқа салудың қатысушылары болды.
2011 жылдың 7 қыркүйегінде «Астанателеком» ҚТО бұйрығымен арнайы құрылған комиссиямен, «Астана ақшамы» газеті редакциясының өкілі Светлана Евдокимованың қатысуымен, кездейсоқ сұрыптау тәсілімен 764 қосылған абонеттердің ішінен келесі бақытты адамдар анықталды:
- екі адамға Түркияға туристік сапардың иегері Майра Жарова болды (Megaline Hit iD Phone iD TV пакеті қосылған),
- I Phone иегері Төлеубай Ахметов болды (Megaline Hit iD TV пакеті қосылған),
- ноутбуктың иегері Мәдина Мұхтарова болды (Megaline Hit iD TV пакеті қосылған).
«Астанателеком» ҚТО жеңімпаздарды құттықтайды және оларға қызметтерді қолданғаны үшін алғысын білдіреді!
«Қазақтелеком» АҚ-ның акцияларына қатысыңыздар және ұтыңыздар!