Неке туралы куәлiктi салтанатты жағдайда тапсыру рәсiмi "Салтанат сарайында" өттi. Бұндай рәсiмдер елорданың туған күнiне орай жылда өткiзiлетiн дәстүрге айналды. Аталған шара Қала күнiнде осымен сегiзiншi рет өтуде. Жас жұбайлар арасында бүгiн интернационалдық некелер де болды.
Салтанатты шарадан кейiн жас жұбайлар тутұғырға қарай көтеріліп, көк аспанға ақ шарларды ұшырды. Осыдан кейiн "Думан" ойын-сауық кешенiнде концерттiк бағдарлама, түрлi ойындар өттi. Сонымен қатар той қонақтарына дастархан жайылып, мерекелік үлкен торт тарту етілді.
"Осында Астана күнiнде неке қиюға ниет бiлдiрген жұптар жиналып отыр. Қатысушылар шараға бiр күн қалғанда да қосылып жатты. Бұл аталмыш жобаның танымалдылығын, осы шараның беделiн көрсетедi", - дейдi қаланың кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Рыскүл Қауғабаева.