Қала күні мерекесіне орай «Астана аспаны» батпырауықтар фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілдеде сағат 12:00 ден бастап 22:00-ге дейін Ақбұлақ өзені Саябақ аумағында өтетін батпырауықтардың алғашқы фестивалі өтеді.

Бұл Астананың 16 жылдығын мерекелеу күндері қала тұрғындарына тамаша тарту болмақ. Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан astana.kz сайтына хабарлағандай, аталмыш шараға қысқа шоу-бағдарлама мен (суретті шеру) ойын-сауық, негізгі шоу, ауқымды көрініс енген. Батпырауықтарды басқару өнерін дәріптейтін аталмыш спорт түрінен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары өз өнерлерін ортаға салады, ал елорда тұрғындары мен қонақтары таза ауада жыландар биіне қанығып, батпырауықтарды жасап, ұшырады, шеберлік сыныптарына қатысады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мереке жасыл экономика ұстанымдарын қолдауға бағытталған. Жыландар бамбуктен және қайта өңделетін қағаздан жасалмақ.