11:21, 19 Маусым 2009
Қала күні мерекесінен ірі сауда орындары да сырт қалмайды
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Елордада қала күніне арналған бұқаралық шарадан «Бахус», «Мега-орталық», «Рамстор» және «Еуразия» секілді ірі сауда орындары сырт қалмайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шілденің 4-інен бастап елорда тойы аяқталғанша аталған сауда орталықтарында сатушылар тұтынушыларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, айырықша қызмет көрсетіп, қала күніне тиісінше үлес қосуы керек. Сатушылар және сауда орталығының әкімшілігі тарапынан көрсетілетін жылы шырайлы қызмет астаналықтардың сауда мәдениетін анық сезініп, өздеріне деген құрметті айқын тануы тиіс. Мұндай жылы шырайлы қызмет қаладағы қаржы айналымы мен сауданың қызу жүруіне бірден-бір ықпал етпек. Қаланың супермаркеттерінде тұтынушыларды көбірек тарту үшін оларға шағын сый-сияпат, Астананың 11 жылдық мерекесінің белгісі салынған немесе жапсырылған тауарлар ұсынылса артық болмайды. Немесе осынау белгіні сатып алушының алған тауарларына қосып берудің өзі кісінің жылы ықыласын туғызбақ.