Қала күні мерекесінің алдында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Жайнай берсін, Астанам!» атты балалар мерекесі өтті
13:06, 02 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін Астанада Қала күні мерекесінің қарсаңында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Жайнай берсін, Астанам!» атты балалар мерекесі өтті.
Астана күнінің алдында балалар мейрамын өткізу дәстүрге айналған. Осы жолы қала тұрғындарын №19 «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері құттықтады.
Осы мереке үшін балалар арнайы вокалды-хореографиялық бағдарлама дайындаған. Олардың ойлап тапқан ертегісінде Аружан атты қыз Қазақстан астанасына келіп, әлемнен іздеген бақытын тапқысы келеді. Балабақша тәрбиеленушілері Астананың ерекшеліктерін паш ететін ән, би, өлең арқылы кішкентай қызға қаланың қонақжайлылығын таныстырды.