Қала күнінде Астанада аспаздар фестивалі өтеді

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Астананың 14 жылдығын мерекелеу кезінде қалалық алаңда «Аспаздық шеберлігі - сүйікті қаламызға» аспаздық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astanaday.kz сайты.

Оған қала мейрамханалары мен дәмханалары қатысады. Сондай-ақ, «Ең дәмді пісірілген тоқаш», «Ең үздік ұлттық тағам» және басқа да аталымдар бойынша байқау ұйымдастырылады.

Қатысуға ниетті кәсіпорындар дайындаған тағамдарынан дәм татқызады. Фестиваль кезінде түрлі ұлттық тағамдардың көрмесі жайылып, сатуға да қойылады. Соңынан дәмі тіл үйірер тағам әзірлегендерге дипломдар табыс етіледі.