Кеше, қыркүйектің 1 9-ында «Қазақстан аруы 2010» ұлттық сұлулық конкурсының финалы аяқталғаннан кейін Алматыдағы «Астана» алаңында мерекелік отшашу ұйымдастырылды.
Алматы аспаны көздің жауын алған отшашуларға оранды. Mary Kay компаниясы тарту еткен бұл ерекше сыйлық 10 минутқа созылды.
Mary Kay компаниясы «Қазақстан аруы» сұлулық конкурсының ресми косметикасы атанғанына осымен үш жылдың жүзі болды.