Қала күніне орай Алматы әкімі жаңа нысандарды аралады
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкім Түрксіб ауданында орналасқан 3 спорт кешенінде болды. Атап айтқанда, жалпы аумағы 7700 шаршы метр болатын 3 алаңы бар Алаш стадионы, 4 шағын футбол алаңы және 1 стандартты алаңы бар Footbаll land сауықтыру кешені мен «Абылайхан» спорт кешендерінде болды.Соңғы кешенде үш кәсіби спорт, бокс залдары, таэквондо, карате, кунг-фу, дзюдо, айкидо, күрес, самбо түрлерінен жаттығулар өткізетін орындар, әйелдер мен балалар жаттығатын залдары бар. Ол залдарда кәсіби жаттықтырушылар фитнес, йога, пилатес, шығыс биі, балалар гимнастикасы, аэробика бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл ғимаратта «Отау» салтанат залы орналасқан.
Сонымен қатар қала әкімі жақында ашылған №4 аудандық энергия бөлімшесін көрді.Бөлімше 220 заңды тұлғаға, олардың 200-і мемлекеттік мекеме, 110 - өндіріс ұйымы, 1890 - кіші өнеркәсіп орындары мен 68 мың тұрмыстық тұтынушыға қызмет көрсетеді. Қала әкімі осы аудандағы жаңа көтерме сауда орнының жұмысымен де танысты.Оның аумағы 780 шаршы метр. «Ақжолда» азық- түліктің 28 түрі бар, бағалар «Арзан» және «Алматы - 1» сауда орындарының бағасымен салыстырғанда 20 пайызға төмен.
Қала басшысы бұнымен қатар Allur Auto автосалонында болды. Allur Auto компаниясы әлемнің әйгілі Suzuki Motor Corporation, SsangYong Motor Corporation, Fiat Auto, Mitsubishi Motors компанияларының өнімдерін және сапалы сервисті ұсынады. Алмалы ауданында қала әкімі «Алматы кілем» базасы негізінде «Тұмар» сауда үйін аралап шықты. Одан әрі қала әкімі «World Fashion» бизнес орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Аманкелді мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы Oktan Real Estate бизнес орталығының жұмысымен де танысты. Әкім Жетісу ауданында Сейфуллин көшесінің бойындағы №16 балабақшаның, №134 мектеп - гимназияның ғимаратында болды.
Медеу ауданында Ахметжан Есімов «Интертич» медицина орталығында болды. Орталық 2009 жылдың шілде айында ашылған болатын. Фурманов- Қажымұқан көшелерінің бойындағы «Ренессанс» тұрғын үй кешенінде, «Вернисаж» сауда орталығында болды.
Қала әкімі жаңа ашылған нысандарға көңілі толғанын айтып, игі істерімен құттықтады, оларға бұдан былай да табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.