6-7 шілдеде «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары өз өнімдерін ұсынады. Осы күндері «Хан Шатыр» СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңкедегі баға нарықтық бағадан 20%-ға төмен, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді бірнеше апта бұрын қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Олардың қатарында ет, шұжық, ет консервілері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және тағы басқалар бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа, жәрмеңке аумағында өз өңірінің мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ɵтедi.
Сонымен қатар, әр өңір аз қамтылған 150-200 отбасы үшін қайырымдылық акциясын өткізеді.