«Отандық экономиканың дамуына құрылыс саласының ықпалы зор. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халық үшін ең өзекті мәселенің бірі. Дегенмен, сапасыз құрылыс фактілері, құрылыс салушыларды таңдау рәсімдерінің ашық болмауы, мегаполистерде құрылыстардың тығыз салынуы жұртшылықтың орынды наразылығын тудыруда», - деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.
Осыған байланысты Премьер-Министр Индустрия министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, сала мамандарын, сәулетшілерді, ғылыми қауымдастықты тарта отырып, Қала құрылысы кодексінің жобасын әзірлеу үшін Жұмыс тобын құруды және бастамаларды кеңінен талқылауды тапсырды.