«Қала маңы тасымалы» АҚ қаңтардың 10-ынан бастап теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифін жоғарылатады

None
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - «Қала маңы тасымалы» акционерлік қоғамы 2010 жылы қаңтардың 10-ынан бастап өзін-өзі ақтамауды төмендету мақсатында темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифінің жоғарылайтынын хабарлады.

Аталған мекеменің таратқан ақпаратына қарағанда, облысаралық, ауданаралық және қала маңы теміржолы көлігімен қатынау құны 10 пайызға қымбаттамақ.