Қала мешіттерінде ұрлық жасаған Алматы тұрғыны сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Өткен жылдың қысында жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жас жігіт оқиға кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Фото: Kazinform

«Сот отырысы барысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді. Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — делінген хабарламада.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды, өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.