IntermarkSavills компаниясының зерттеулері бойынша, бұл үй жалдаушыға айына 75 мың долларға түспек.
Төрт қабатты жалпы ауданы 1400 шаршыметрді құрайтын үй 45 сотық аумақта орналасқан. Тамаша ландшафт дизайны, балалар алаңқайы және қонақүйі бар. Ол заманауи техникамен жабдықталған, бильярд, бассейн, фин моншасы және камин залы бар. Нысан тәулік бойы күзетке алынған.
Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, Мәскеу түбінде бұл сегментте әдетте жалға беру бағасы айына 25 мың долларды құрайды. Олардың ауданы 400 шаршыметрден асып, көбіне 1000 шаршыметрге дейін жетеді.
Талдаушылардың пікірінше, Мәскеу облысында қала сыртындағы тұрғын үй нарығында жалдау құны айына 35 мың рубльді құрайтын нысандар үлкен сұранысқа ие.